Астрономдар алғаш рет β Pictoris b экзопланетасынан тікелей шыққан радиосигналдарды тіркеді. Бұл сигналдардың табиғи шығу тегі бар және олар полярлық шұғыламен байланысты. Сонымен қатар, осы сигналдар арқылы ғалымдар планетаның қуатты магнит өрісін бағалай алды.
Жуырда ALMA радиотелескопы арқылы жүргізілген Бетельгейзе жұлдызының бақылаулары оның бетінде ерекше бұдырлар мен плазманың қозғалысына байланысты ыстық аймақтардың бар екенін анықтады. Бұл ерекшеліктер жұлдыздың эволюциясының соңғы кезеңдеріне жақындап қалғанын көрсетеді, ал болашақта ол аса жаңа жұлдыз ретінде жарқ етуі мүмкін.
Астрономдар Жерден 3 200 жарық жылы қашықтықта орналасқан жаңа PSR J0125−5854 пульсарын анықтады. Бұл нысан бұрын белгілі болған пульсарларға қарағанда баяу айналады және, мүмкін, ақ ергежейлі жұлдызбен қос жұлдызды жүйе құрайды.
Астрономдар Жерден 3 200 жарық жылы қашықтықта орналасқан жаңа PSR J0125−5854 пульсарды анықтады. Бұл нысан бұрын белгілі пульсарларға қарағанда баяу айналады және, мүмкін, ақ ергежейлі жұлдызбен қос жұлдызды жүйе құрайды.
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, 3I/ATLAS жұлдызаралық кометасы басқа кометаларға қарағанда метанолдың ерекше жоғары мөлшерін қамтиды. Бұл оның Күн жүйесінен өзгеше жағдайда қалыптасқанын көрсетеді және басқа планеталық жүйелердің химиясын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Астрономдар Құс жолының орталығындағы қара құрдымның жанынан ықтимал пульсарды анықтады. Бұл жаңалық расталса, Ғаламның құрылымы мен ондағы процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Астрономдар Құс жолының жазықтығында шығу тегі әлі белгісіз 164 жұмбақ сақиналы құрылымды анықтады. Олардың кейбірі тек радиодиапазонда ғана көрінеді, зерттеулер әлі де жалғасуда.
Төрт жыл ішінде М87 галактикасының орталығындағы аса ауыр қара құрдымды қоршаған магнит өрістері толықтай бағытын өзгерткені жаңа бақылаулар арқылы анықталды. Бұл күтпеген жаңалық қара құрдымдардың динамикасы мен табиғатын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.